Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барбиге ұқсау үшін 10 млн теңге жұмсаған қазақстандық ару туралы білесіз бе

Опубликовано:

Instagram/raguzovalena
Фото: Instagram/raguzovalena

Осыған дейін ондаған ота жасаған қазақстандық барби Елена Рагузова "ойымдағы мінсіз келбетіме әлі де келмедім" дейді. Одан бөлек, жасы жиырмадан енді асқан ақсайлық ару жұрттың пікірін елемейтінін де ашық жеткізді. Оның денесінде хирургтың инесі тимеген жері қалмаса да, әлі талай ота жасаймын деп бекініп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық барби атанған Еленаның жасы небәрі 21-де. Ол келбетін кукладай қылу үшін осыған дейін бас-аяғы 10 миллион теңге жұмсапты.  

Бірақ мұнымен тоқтамаймын деп отыр. Ақсайлық ару белінің өлшемі 35 см болғанын армандайды. Қазір бақандай 47 екен.

"Менің ойымша, мен шектен шығып бара жатқан жоқпын. Мен әлі өз образымды іздеп  жатырмын. Алдағы уақытта тағы бірнеше ота жасамақпын. Әуелі кеудемді үлкейткім келеді", - дейді модель Елена Рагузова.

Оның айтуынша,  образын даттайтындардан гөрі, жақтайтындар көп. Тіпті сұлулығына басы кеткен жігіттердің санында шек жоқ екен.  Қазақстандық барбиді әрі қарай өзгеруге шабыттандыратын да солар көрінеді.

"Қоғамның маған деген пікірі әр қилы.  Жақтайтындар көп, дегенмен жаман сөздер жазатын хейтерлардың барын да жасырмаймын. Бірақ мен оларды мүлдем тыңдағым келмейді. пікірлеріне түкіргенім де бар. Өйткені мен өзімді әдемі және олардан жоғары санаймын", - дейді ақсайлық ару.

Басылым мәліметінше, өздерін өзгелерден әдемі әрі жоғары санайтын Елена ғана емес. Еліміде жасанды сұлулықтың соңынан жүгіргендердің саны көбейіп, ота жасатқандардың қатары жылда жасарып барады екен.  Сұраныспен бірге, баға да өсіп жатыр.

"Адамдар пластикалық операцияға ақша аямайтын болған. Бір мезетте бірнеше отаны жасап тастай алмайсың. Олай болмайды да. Тек қана ол әйел емес, қомақты қаражат құятындар баршылық. Көзінің түсін өзгертіп, ернін үлкейтеді. Осылай кете береді", - дейді пластикалық хирург Әлімжан Романкулов.

Ал психологтар мұндай тенденцияны ауруға балап отыр. Пластикалық отаға тәуелдіктің соңы жақсылыққа апармайды дейді. Білікті маман бұған кімдер әуес екенін түсіндіріп өтті.

"Біріншіден бала кезден бір дене мүшесі ұнамайтындар, екіншісі адамдар өмір сүру барысында бір дене жарақатын алып, соны өзгерткісі келеді. Үшіншісі әлеуметтік желіде жұлдыздардың ота жасатып, оны жарнамалауы кей азаматтарға операция жасауға итермелейді", - деді Балабек Сақтағанов.

Фото
Фото: Instagram/raguzovalena

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876643-barbige-ksau-sin-10-mln-tegesin-zmsagan-kazakstandyk-aru-turaly-bilesiz-be/

pixel