jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тұрғын үйлердің жанынан қазылған зират алматылықтардың мазасын қашырды

Зират
Фото: "Еуразия" бірінші арнасы

Алматы тұрғын үйлерінің маңында орналасқан зират жергілікті тұрғындардың мазасын қашыруда. Заң бойынша 300 метр қашықтықты сақтамай, үйлерге тақалып кеңейе бастаған зират коррупцияға қарсы қызметтің де назарына іліге бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағанашыл ықшамауданының тұрғындары жергілікті биліктен жауап ала алмай, сабылып жүр. Ритуалдық компания иелігіне 49 жылға берілген жер зираттарға толған. Мәселенің өршігеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Тұрғын үйлерге әбден тақап қалған зираттар үй иелерінің мазасын қашырған.

1990 жылдың аяғында пайда бола бастаған зираттардың орнында бұрын Қарасай ауданы бау-бақша ұйымы болған. 2000 жылдары аталмыш аймақта адамдарды жерлеуге тыйым салынған болатын. Десе де өңірде зираттар саны көбеймесе, азаяр емес.

Әкімдікке жүгінген тұрғындар бұл аймақта жерді пайдалануға бірнеше жыл бұрын тыйым салынғанын анықтаған. Мәселе корррупцияға қарсы қызметтің назарына ілікті. Бүгінде факті бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындар салынып қойған зираттарды қозғауға ниетті емес. Тек терезелерінен ендігі жаңа зираттардың көрінісіне куә болғылары келмейтіндерін айтуда.

Коррупцияға қарсы агенттік болса, жердің коммуналдық меншікке берілуін талап етіп, бау-бақша аймағын жақсартпақ ниетте екенін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда кейбір қарыз алушыларға тәркіленген тұрғын үйлер қайтарылатынын жазған едік.

Одан бөлек, елімізде жаңа баспана құны қаншалықты қымбаттағанын жазған болатынбыз.

Тұрғын үйлердің жанынан қазылған зират алматылықтардың мазасын қашырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.