jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Елде 5 қазаннан бастап COVID-19 инфекциясына байланысты шектеу шаралары енгізіледі

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен онлайн-брифингте елге коронавирус инфекциясын кіргізбеу үшін қандай шаралар қолданылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой өткен тәулікте 71 науқастан коронавирусқа алынған ПТР-анализ оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. Ал пандемия басталғалы бері вирус жұқтырудың 107 979 жағдайы тіркелген. 1734 адам қауіпті індеттің құрбанына айналған.

Жалпы алғанда, оның сөзінше, елде эпидемиолоиялық жағдай тұрақты. Алайда шетелде коронавирус жұқтырғандар санының артуы қауіп тудырады.

Осыған байланысты инфекцияның Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу үшін ведомствоаралық комиссия осы жылдың 5 қазанынан бастап келесі шараларды қабылдады: басқа елдермен әуе байланысын тоқтату, әуе байланысы жанданған елдерге жасалатын рейс санын арттырмау, сондай-ақ Түркияға жасалатын рейс санын қысқарту.

Бұдан бөлек, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар: Дене қызуын өлшеу, сауалнама; коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (мерзімі – 3 тәулік).

"Анықтама болмаған жағдайда азаматтар екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады. COVID-19 тесті вирусты жұқтырғанын көрсетсе, инфекциялық стационарға жатқызылады. Ал инфекция табылмаса, үйіне қайтады", - деп түсіндірді Цой.

Дәл осындай талаптар ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен өткізу бекеттерінде де енгізіледі.

Еске сала кетсек, Алексей Цой пандемия басталғалы бері Қазақстанда 182 медицина қызметкерінің қайтыс болғанын хабарлады.

Елде 5 қазаннан бастап COVID-19 инфекциясына байланысты шектеу шаралары енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.