Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, жел: Алдағы күндері елімізде күн райы қандай болады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге болжам жасап, ауа температурасының төмендейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, еліміздің солтүстік және шығысында жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Сондықтан жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. 

"Алайда циклонның соңынан кезекті антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендейді деп болжанып отыр. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы болады", - дейді синоптиктер.

Еске сала кетсек, бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар жауды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласының алдағы екі күніне болжам жасады.

Сонымен 7 қазанда елордада +3 пен +5 арасында нөлден жоғары болады. 8 қазанда ауа температурасы минусқа дейін төмендейді: түнде -3 пен -5, ал күндіз +1 мен +3.

Ал кеше оңтүстік астананың таулы аймқтарына алғашқы ақ ұлпа түскен болатын.

Осылайша, кеш Алматы облысындағы тас жолдарды қар басып қалды. Салдарынан жазғы дөңгелегі бар көліктер тас жолдың биік белесіне шыға алмай, кептеліп қалғандықтан, ондағы адамдарды шұғыл эвакуациялауға тура келген.

Құтқару жұмыстары кезінде Кеген ауылындағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері төрт адамды - ауруханаға бара жатқан ер адамды, сондай-ақ екі баласы бар әйелді эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878289-tman-kktajgak-zel-aldagy-knderi-elimizde-kn-rajy-kandaj-bolady/

pixel