Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәйтәйды танымаймыз": Ақтөбеліктер белгісіз батырдың ескерткішін салуға қарсы шықты

Опубликовано:

Ақтөбе ақсақалдары1
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының ақсақалдары наразылыққа шықты. Даудың басы - аудан орталығының ең көрнекті жеріне Тәйтәй батырдың ескерткішін салуға байланысты басталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ескерткіш айналасын абаттандыруға бюджеттен 43 миллион теңге қарастырылған. Ауыл тұрғындары бюджеттің сұрауы бар қыруар қаржысын белгісіз батырды ұлықтауға жұмсағанша, экологиялық аймақтың полигон мәселесі шешілсін дейді.

Сонымен қатар ауыл ақсақалдары белгісіз батыр ескерткішіне түбегейлі наразы екендерін айтып, "бізге әуелі батырдың тарихын зерттеп берсін" деп аудан әкіміне талап қойып отыр.

"Мен бұл жерден шыққан ақын-жыраулардың шығармаларын естіп өстім. Олардың шығармасында Тәйтәй батыр туралы дерек жоқ. Қазіргі қиын заманда, халық күйзелісте тұрғанда әкімдіктің бюджеттен ақша бөліп, белгісіз адамның ескерткішін ұлықтауы орынсыз. Неге олай шашыламыз?! Өзіміз экологиялық аймақта тұрамыз.
Ауыл іргесіндегі полигон шіріп жатыр. Неге соны дұрыстамайды? Аурухана айналасы да абаттандырылмаған. Бюджеттің ақшасы- халықтың ақшасы. Ал халықтың ақшасы өз игілігіне жарау керек. Әуелі бізге ол адамның тарихын зерттеп берсін", - дейді ауыл ақсақалы Ұзақбай Кесіков.
наразы
Фото: NUR.KZ

Байғаниндіктер миллиондаған ақшаның мақсатсыз жұмсалатынына наразы. Әйтпесе, ескерткішсіз-ақ шешілмеген шаруа көп деп санамалап берді.

"Тарихта жоқ, ауыз әдебиетінде жоқ Тәйтәй батырға ауылдың көрнекті жері, жолдың торабынан ескерткіш салу жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Ескерткіш салуға қарсымыз. Белгісіз адамға әкімшілік неге жер береді?",- дейді Байғанин ауданының тұрғыны Зейнолла Ермұханов.

Аудан әкімі де ескерткіш айналасын абаттандыруға бюджеттен қаржы қарастырылғанын растап отыр. "Тұрғындар наразылығынан кейін бюджет ақшасына қол тигізбедік" дейді.

"Бізге ескерткіш салу үшін жер бөлуге қатысты ұсыныс түсті. Біз қолдадық. Тәйтәй батыр ұрпақтары қаржы жинап, ескерткіш салуға жұмыс жүргізіп жатыр. Ескерткіш қоюға аудандық бюджеттен бір тиын да бөлген жоқпыз. 43 млн теңге қаражат абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қарастырылған. Бірақ қаржы жұмсалған жоқ. Себебі ескерткіш әлі салынған жоқ. Ақша түскен жағдайда кері қайтарамыз. Себебі ұрпақтарымен сөйлестік, олар бәрін өз қаражаттарына жасайды", - дейді Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров.

Ақтөбе2
Фото: NUR.KZ

Облыс мамандары да бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмайды деп сендірді.

"Ауылдан Атырауға қарай шығатын жолдың бойына абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек болатын. Әзірге бюджеттің бір тиыны да жұмсалған жоқ. Пандемияға байланысты ақша бөлінбейді. 2020 жылдың екінші жартысында ақша қарастырылған. Жыл соңына дейін белгілі болады", - дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде өңірлік экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтаған еді.

Сонымен қатар Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп, аяусыз сабаған ер адамның 4 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878847-tjtjdy-tanymajmyz-aktbelikter-belgisiz-batyrdy-eskertkisin-saluga-karsy-sykty/

pixel