Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Коронавируспен бәрі ауырып болды деген қате пікір

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен онлайн брифингте жаңа күзгі-қысқы эпидемиялық маусымға қарай қазақстандықтар коронавирустан сақтануды қойғанын айтты. Себебі халық "тұрғындардың барлығы ауырып болды" деген сынды қате пікірде көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министр қазақстандықтар арасында шілде-тамыз айларында, яғни коронавирус өршіген кездегі сақтық жоғалғанын айтты.

"Біздің әрқайсымыз туыстарымыздың және достарымыздың біреуінің ауырғанын немесе ауыр науқас екенін, өкінішке қарай, адамдар қайтыс болып жатқанын көрдік. Ол кезде азаматтар қорғанып, іс-шараларға бармаған", – деді Цой.

Қазір қазақстандықтар арасында коронавирустың екінші толқыны оларға әсер етпейді деген қате түсінік қалыптасқан.

"Баса айтқым келетіні – "біз бәріміз ауырғанбыз, ал қазір бізде мықты иммунитет бар" деген қате пікірдің болуы.

Көптеген ғалым иммунитет 3 айдан 5 айға дейін сақталатынын айтады. Егер адам шілде айында қатты сырқаттанса, сәйкесінше қазан-желтоқсан айларында қайта ауруы мүмкін. Иммунитет болған жағдайда да, ол тарқайды, ал ағзада қосымша қорғаныс механизмі болмайды, сондықтан босаңсуға болмайды", – дейді министр.

Цой елімізде Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары жоқ екенін, бірақ мұндай жағдайлар қазірдің өзінде әлем елдерінде тіркеліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында министр елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы көбейсе, қайта төтенше жағдай режимі енгізіле ме деген сауалға жауап берді.

Оған қоса, Алексей Цой жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879536-alejsej-coj-kazakstandyktar-koronavirustan-korkudy-kojdy/

pixel