jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайтадан көбейе түсті

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 18

Алматы қаласы - 10

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 7

Ақтөбе облысы - 3

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 10

Шығыс Қазақстан облысы - 12

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 4

Қарағанды облысы - 6

Қостанай облысы - 3

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 11

Солтүстік Қазақстан облысы - 14

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 109094.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус салдарынан эпиджағдайы ушығып кеткен аймақтарды атаған болатын.

Оған қоса, министрлік басшысы қазақстандық қалалар қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайды болдырмаудың мүмкіндіктері де бар.

Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен онлайн брифингте жаңа күзгі-қысқы эпидемиялық маусымға қарай қазақстандықтар коронавирустан сақтануды қойғанын да айтты. Себебі халық "тұрғындардың барлығы ауырып болды" деген сынды қате пікірде болса керек.

Сонымен қатар, Алексей Цой елімізде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді. Министрдің сөзінше, әзірге Қазақстан Республикасы аумағында COVID-19 қауіпті инфекциясына қайтадан тап болу оқиғалары тіркелмеген.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайтадан көбейе түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.