Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір университет лицензиясынан айырылды

Опубликовано:

Университет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі тағы бір жоғары оқу орнын лицензиясынан айырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтырақ айтқанда, Шымкенттегі академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясыз қалды. Мұндай шешімге университетте білім саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткізілген тексеріс жұмыстары себе болған екен.

Одан бөлек, лицензиядан айыруға Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы да әсер еткен. Шешім он жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді.

Айта кетсек, Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де бұл шешіммен келіспеген жағдайда шағымдануға құқылы.

Белгілі болғандай, университет оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу орнын оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, талапкерлерді оқуға қабылдау, түлектерді жұмысқа орналастыру аясында бұзышылықтар жасаған.

Осы орайда студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа оқу орындарына ауыса алатыны хабарланды. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа оқу орындарына ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы түрде білім алатындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады.

Министрлік өз тарапынан көмек көрсететінін айтуда.

"Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін" , – дейді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда студенттер Work and travel-ге берген ақшасын қайтара алмай жүргенін жазған едік.

Одан бөлек, Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы академиясында шу шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880119-kazakstanda-tagy-bir-universitet-licenziasynan-ajyryldy/

pixel