Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында бүгіннен бастап карантин шаралары күшейтіледі

Жарияланған күні:

Блок-бекет13
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. 19 қазаннан бастап облыстың периметрі бойынша өңірде сегіз санитарлық бекет пайда болады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Юрий Залыгиннің мәліметінше, көрші облыстарда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде 19 қазан күні сағат 00.00-ден бастап өңірде санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Осы орайда өңірде облыс бойынша сегіз бекет болады. Олар Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров (екеу) аудандарында және Приозерск қаласында.

Жаңа шектеу шаралары:

  • Жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексереді. Бақылау термометрия мен сауалнаманы қамтиды.
  • Кіреберістерде, лифтілер мен паркингтерде тәулігіне кемінде екі рет профилактикалық дезинфекциялау және ылғалды жинау жүргізу қажет.
  • Күн сайын балалар мен аула алаңдары дезинфекцияланады.
  • 65 жастан асқан адамдарға қозғалысты шектеу ұсынылады.
  • Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметшілердің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс форматына көшірілуі тиіс (штатында 30-дан астам қызметкер бар).
  • Шетелге шығатын туристермен ақпараттық жұмысты күшейту талап етіледі.
  • Ереже бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркеу үшін сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, желілік дүкендерде, қоғамдық тамақтану пункттерінде (50-ден астам отыратын орын бар) бейнекамералар орнату ұсынылған.
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, автовокзалдар мен автобекеттерде стационарлық тепловизорлар мен ақылды бейнебақылау жүйелерін орнату талап етіледі.

Жолаушылар көлігіне жүктемені төмендету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдардың сараланған жұмыс кестесі бойынша мәселе шешілетін болады.

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары өз қызметкерлерін жұмысқа және үйге жеткізуді ұйымдастыруы керек.
  • Облыста еріктілер зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмыстарын жандандырады.
  • Бетперделік режимнің, санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілетін болады.

Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және т.б.), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрлардан басқа), букмекерлік кеңселердің жұмысына әлі де рұқсат етілмеген.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы тұрғындарды талаптарды сақтауға шақырып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880190-karagandy-oblysynda-bginnnen-bastap-karantin-saralary-ksejtiledi/