Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram-ға фото, видео материал салған Атырау тұрғынының басы дауға қалды

Опубликовано:

әлжелі4
Көрнекі фото: pixabay.com

Instagram желісіндегі парақшасына дін маманы Ибн аль-Джаузидің идеяларын насихаттайтын материалдар салған Атыраудың 22 жастағы тұрғыны жауапқа тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіт Қазақстанда пайдаланып, таратуға тыйым салынған Ибн аль-Джаузидің ойларын насихаттайтын аудио, видео материалдарды өзінің Instagram парақшасына салған.

Осыған байланысты жас жігіт Әкімшілік кодекстің 453 бабын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сот үкіміне сәйкес, оған 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл салынып, желідегі парақшасы жабылған.

Одан бөлек, Атырауда дәл осы бап бойынша тағы төрт азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мәселен, олардың бірі Мысырда теологиялық сипатта білім беретін күмән тудыратын оқу орнында білім алған. Содан кейін дәстүрлі емес ислам дінін ұстанатындардың уағыздарын ВКонтакте парақшасында жариялай бастаған.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде онлайн сабақ кезінде елес болып киінген балалардың видеосы пайда болды. Роликтің Атырауда түсірілген айтылған. Өңірдің білім басқармасы бейнежазбаға пікір білдірген болатын.

Тексеріс жүргізген ведомствоның сөзінше, желіде таралған видеоның жергілікті оқушыларға қатысы жоқ.

Сонымен қатар Атырауда Ұмай ананың арқасында 40 жасында құрсақ көтерген келіншектің оқиғасын жазған едік.

Алмагүлдің сөзінше, ол әуелі Алла, содан кейін Ұмай ананың арқасында балалы болған. Қазір ол баласын қолына аман-есен алатын күнді асыға күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880963-instagram-ga-foto-video-material-salgan-atyrau-trgynyny-basy-dauga-kaldy/

pixel