Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен ер адам шенеунік болып шықты

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов ПТР анықтамасыз ұшып келіп, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткендер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорда әуежайында болған жағдайға қатысты Сәдуақас Байғабылов пікір білдірді. Көліктегі бас санитар дәрігер ПТР анықтамасыз келгендерге қандай шара қолданылатынын айтты.

ПТР анықтамсыз әуежайдан қашып кеткен екі Нұр-Сұлтан тұрғыны ұсталып, анализ алу үшін карантин станционарына жеткізілген. Оларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Аталған азаматтар Шарм-эль-Шейхтен келген елі-зайыптылар. Олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызмет ететіні белгілі болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мысырдан Мысырдан ПТР анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндік стационарға жеткізетін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кеткенін жазған едік.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпарына сәйкес, көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды карантиндік стационарға жеткізген.

23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келген, оның ішінде 329 адамда ПТР анықтама болмаған.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 179 адам тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881159-nr-sltan-uezajynan-kasyp-ketken-er-adam-seneunik-bolyp-sykty/

pixel