RU

Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулы шықты

коронавирус қала маска
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулы жариялады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайты.

Құжатқа сәйкес, елорда тұрғындарына келесі талаптар қойылды:

  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;
  • әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізу;
  • 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;
  • қызметі тыйым салынған нысандарға, атап айтқанда ойын-сауық мекемелеріне (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны және т. б.) баруға жол бермеу қажет;
  • 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;
  • міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет;

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану объектілері өз жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыруды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыруы тиіс.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгіленген.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% - нан аспайтын толымдылығын сақтаумен, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру қарастырылған.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сондай-ақ өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881333-nr-sltandagy-sekteu-saralary-turaly-zaa-kauly-sykty/