Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арбаға таңылған жігітті концертте жоғары көтеріп алған достары жұртты тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Райан
Фото: tok_media

Әлеуметтік желіде арбаға таңылған жігіттің концерт тамашалаған сәтінен фото тарап кетті.

Фотомен Instagram желісінің tok_media атты парақшасы бөліскен.

"Райан Ченнің қалай жарқырап тұрғанына қараңыз! Жігіт музыкалық фестивальге достарымен келді, ол Young the Giant тобының концертін жанкүйерлердің қолдауымен жоғарыдан тамашалайтынын күтпеген. Достары оны мүгедектер арбасында отырған күйінде өзгелерден жоғары көтеріп, оған ерекше тосын сый жасады. Таң қаларлығы, жақын жерде тұрған өзге тыңдармандар жігіттерге қолдау көрсетіп, арбаны көтеріскен", - деп жазады парақша.

Желі парақшасының мәліметіне сәйкес, жігіт 19 жасында мүгедектер арбасына таңылған.

"Бұл сәт оның өміріндегі ең бақытты сәттердің біріне айналды. Сноубордтан құлап түскеннен кейін Райан қалай өмір сүретінін түсінбеді: 19 жасында ол белінен төмен сал болып қалған. Жігіттің ең жақын досы оның бұл қиындықты еңсеруіне барын салды: "Райан, сен сол баяғы Райансың, тек енді арбада ызғып жүрсің!", - деп үмітін жақты ол. Осындай достар бәріне де бұйырса екен", - деп жазбасын аяқтады желі парақшасы.

Фотоны көрген желі қолданушылары жігіттерге мақтауларын жаудырды. Бұл жайттың нақты қашан және қайда болғаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін біз бес сәбиді дүниеге әкелген ерлі-зайыпты үлкен үй іздеуге кіріскенін жазған едік.

Одан бөлек, тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881384-arbaga-taylgan-zigitti-koncertte-zogary-kterip-algan-dostary-zrtty-tnti-etti-foto/

pixel