Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар 30 жастағы әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Қылмыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жатақханалардың бірінен 30 жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 25 қазан күні болған. Полицияның мәліметінше, марқұмды азаптап өлтірген күдіктіні іздестіру шаралары жүріп жатыр.

"Ряхов көшесіндегі пәтерлердің бірінде асфиксия түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте пәтерлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылғанын хабарлаған едік. Адам өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігіт қамауға алынған.

Кейінірек, қайғылы жағдайға қатысты деректер жарияланып, марқұмның аяғы ауыр болғаны белгілі болды. Пәтер иесі марқұмның денесін тек екі тәуліктен кейін ғана байқапты.

Сондай-ақ Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің денесі 20 күннен кейін Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылғанын жазған болатынбыз.

Криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтаған. Полиция күдікті ретінде жергілікті екі тұрғынды тұтқындаған.

Төлем терминалдарын тонаумен айналысқан күдіктілер, келіншекке жұмысынан шыққан уақытта қарақшылық жасағанға ұқсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881530-aktbedegi-pterlerdi-birinen-zorlyk-belgileri-bar-30-zastagy-jeldi-denesi-tabyldy/

pixel