jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мбаппенің екі голы Франция құрамасына Иракты ірі есеппен жеңуге көмектесті

    Футболшы Килиан Мбаппе
    Футболшы Килиан Мбаппе. Фото: Darrian Traynor/Getty Images

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен матчта Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    I тобындағы екінші тур ойыны Филадельфиядағы "Линкольн Файненшел Филд" стадионында өтті.

    Бірінші таймнан кейін матч ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды. Себебі найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауа бастады. Ойыншылар екінші таймға шамамен екі сағаттан кейін оралды.

    Франция құрамасы сапында команда шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе мен вингер Усман Дембеле көзге түсті.

    Мбаппе ойынның 14 және 54-минуттарында екі гол соқса, Дембеле матчтың 66-минутында бір гол салып, Францияға мүмкін болған алты ұпайды жинауға көмектесті.

    Бұл жеңістің арқасында Франция құрамасы өз тобында көш бастап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Ұпай жинай алмаған Ирак турнир кестесінің төменгі сатысында тұр.

    Мбаппенің екі голы Франция құрамасына Иракты ірі есеппен жеңуге көмектесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.