Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониядан 6 қазақстандық қайтыс болды

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан алты қазақстандық көз жұмған деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған 10 адам мен 1 өлім жағдайы тіркелген. Сондай-ақ 17 адам емделіп шыққан.

1 тамыздан бері аталмыш диагнозбен 36 931 адам ауырып, 395 науқас қайтыс болған. 28 548 пациент жазылып шыққан.

Сонымен қатар, коронавирус құрбандары туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмған. Тағы 142 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. 91 пациент емделіп шыққан.

Қазіргі уақытта коронавирустан 3 088 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 333 науқас, амбулаториялық жағдайда 755 адам емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 115 адамның халі нашар. Соның ішінде 10 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы №1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова коронавирустың балаға тигізетін зардаптары туралы айтып берген болатын.

Сонымен қатар АҚШ ғалымдары коронавирустың осы қыста өрши түсетінін ескертті.

Сарапшылардың пікірінше, аурудың қайта өршуі бірден бірнеше фактормен байланысты болады. Біріншіден, суық мезгіл адамдарды желдетуі нашар жабық бөлмелерде көбірек уақыт өткізуге мәжбүр етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881608-tken-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-6-kazakstandyk-kajtys-boldy/

pixel