RU

Coursera платформасында тегін оқуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

ноутбук жазу
Көрнекі фото: www.pexels.com

Coursera ірі білім беру платформасында онлайноқуға өтінімдерді қабылдау аяқталуда. 32 мың қазақстандық өз дағдыларын тегін жақсартуға ниет білдірді.

Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн-оқыту платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп қазақстандықтар үшін ауқымды жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 32 мың азамат қызығушылық танытып, 500 курста тегін оқып жатыр. 4 мыңнан астам қатысушы бір мезгілде 2 және одан да көп курстарда оқуда.

ІТ- технологиялар Қазақстандық білім алушылар арасында ең танымал бағыт болып табылады – 7922 білім алушы, бизнес-курстарды 7866 адам таңдады, әртүрлі тілдерді 3960 адам оқиды, 2407 адам жеке және мәдени дамуға қызығушылық танытты, «денсаулық және медицина» бағыты бойынша 1608 адам оқиды.

IT-курстарының ішінде ең танымалдары – Python, Machine learning, бағдарламалау негіздері және деректерді талдау, Adobe Photoshop, HTML негіздері және CCS.

Қазақстандықтар сондай-ақ ағылшын тілін үйренуді, оның ішінде бизнес-ағылшын тілін, ағылшын тілін оқыту технологияларын, жазбаша дағдыларды жиі таңдайды, кәсіпкерлік дағдыларды (өмір ісін іздеу, өз қаражатына бизнес, компания қаржысы, жобалық басқару), сондай-ақ SMM құралдарын және басқаларды меңгереді.

Тіркелген қатысушылар 4000 тегін курстарда оқи алады, оның ішінде Google сияқты танымал провайдер (мысалы, «Google Cloud Platform» курстары, бүкіл әлем бойынша 600 мыңға жуық адам оқиды), 3,6 миллионнан астам адам оқудан өткен Машиналық оқыту курсын ұсынатын Стэнфорд, ең танымал курстардың бірі – «Психологияға кіріспені» ұсынатын Йель университеті бар.

ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінде атап өткендей, курстарда білім алған қазақстандықтар еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жалақысы жоғары жұмыс таба алады.

"Coursera тегін білімберу курстары кәсіби біліктілікті нығайтуға, қызмет әлеуетін арттыруға, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың жан-жақты мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, Coursera курстары - азаматтардың еңбек жолында әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан білім алуға мүмкіндік береді, бұл олардың лайықты жұмыспен қамтылуына және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал етпек", - деп ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Найла Мұхтарова назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, Coursera алаңы жетекші компаниялар мен университеттерден (GOOGLE, IBM, Facebook, Stanford University, Yale University, Johns Hopkins University, Princeton University және т.б.) тегін курстардан өтуге бірегей мүмкіндік береді.

Аталған курстарда түрлі дағдыларды, соның ішінде математикалық, коммуникативтік, кәсіпкерлік, бағдарламалау, статистикалық талдау, деректерді басқару және көшбасшылық дағдыларын меңгеруге болады.

Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін білім алушылар сертификат алады.

Ағымдағы жылғы 31 қазанға дейін https://www.enbek.kz/ru/free-coursera Электрондық еңбек биржасы арқылы өтінім бергендер және www.coursera.org платформасында тіркелгенін растағандар үшін Coursera алаңында оқыту курстары жыл соңына дейін қолжетімді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881781-coursera-platformasynda-tegin-okuga-tinimderdi-kabyldaudy-aaktaluyna-4-kn-kaldy/