RU

Баспен ұрып, мұрнын бұзды: Полицейді ұрған Қарағанды тұрғыны 7 жылға сотталып кетті

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

31 жастағы Қарағанды ​​тұрғыны полицейге күш қолданғаны үшін сотталды деп хабарлайды Қазыбек би аудандық сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мен полиция қызметкерлері арасындағы жанжал осы жылдың сәуір айында болған. Тәртіп сақшылары қарағандылықты қолға түсіріп, оны полиция бөліміне апару үшін үйіне барады. Тұрғын ұрлық ісі бойынша күдікті болған.

Күдіктіні бөлімге жеткізу кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, біреуін соққыға жыққан. Алдымен ол тәртіп сақшысының мұрнын баспен ұрып, содан кейін оған жұдырық сермей бастайды.

Полицейлерге өзге әріптестерін көмекке шақыруға тура келген. Нәтижесінде күдікті бөлімге жеткізілді. Зардап шеккен қызметкердің мұрны сынғаны анықталды.

Ер адам жәбірленуші мен оның әріптесі өзін таныстырмағанын алға тартып, "полицейге жұдырық жаудырғанымды білмедім" деп ақталған. Ол жәбірленуші бірінші болып соққы жасағанын мәлімдейді.

Бұзақыға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағына сәйкес, "Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған мемлекеттік қызметшіге күш қолдану" бабы бойынша айып тағылды.

Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Сот сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

Еске салсақ, бұған дейін біз полицейлерді тырқырата қуалаған сиырлар желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Одан бөлек, сүйіктісінің ұрысынан мезі болған жігіт оны қоқыс жәшігіне лақтыра салғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881891-baspen-ryp-mrnyn-bzdy-policejdi-rgan-karagandy-trgyny-7-zylga-sottalyp-ketti/