RU

Ғалымдар коронавирус пен инсульттің байланысы бар екенін ескертті

ПТР тестілеу ковид1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Кембридж университетінің ғалымдар тобы коронавируспен ауырған кемінде әр жүзінші науқастың соңында инсульт алатынын анықтады деп хабарлайды РИА Новости.

Ғылыми зерттеудің нәтижелері International Journal of Stroke басылымында жарияланды.

Құжатта көрсетілгендей, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар басқаларға қарағанда алты жылға ертерек инсульт алады. Оның үстіне, COVID-19 жұқиырғандар арасында инсульттан өлім-жетім жағдайы екі есе көп тіркеледі.

Ғалымдар жүз мыңнан астам адамның деректерін зерттей келе, олардың 1,4 пайызы инсультке шалдыққанын анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін хабарлаған болатынбыз. Елімізде өткен тәулікте тағы 268 науқас тіркелген.

Жалпы республика бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 111 100 адамға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте COVID-19-дан 176 адам жазылып шыққан. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында.

Еске салсақ, бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья президентке коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндаған еді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882072-galymdar-koronavirus-pen-insultti-bajlanysy-bar-ekenin-eskertti/