RU

Бір тәулікте 400-ге жуық адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар қайта көбеюде

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте Қазақстанда 392 адамнан коронавирус анықталды деп жазады coronavirus2020.kz.

Қазақстанда 29 қазан күні 392 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР арқылы анықталды. Дерттің таралуы бойынша көшті өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы бастаған екен. Аталмыш облыста 205 адам коронавирус жұқтырған.

Өзге аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың көрсеткіші төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 27

Алматы қаласы - 18

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 20

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 19

Атырау облысы - 12

Жамбыл облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 8

Қарағанды облысы - 10

Қостанай облысы - 8

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 23

Солтүстік Қазақстан облысы - 17

Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 111492.

Еске салсақ, бұған дейін біз Шығыс Қазақстан облысы Санитарық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында аймақтағы карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шыққанын жазған едік. Құжатқа сәйкес, 1 қарашадан бастап 13 блок-бекет қойылады.

Одан бөлек, Кембридж университетінің ғалымдар тобы коронавируспен ауырған кемінде әр жүзінші науқастың соңында инсульт алатынын анықтағаны туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар отандық ғалымдар коронавируспен ауырған әр екінші адамның жүйке жүйесі сыр беретінін айтып, дабыл қаққанын жазғанбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1882245-bir-tulikte-400-ge-zuyk-adam-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-kajta-kbeude/