jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Көкшетау тұрғыны банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені алып кетті

Банкомат
Көрнекі фото: inbussines.kz

Көкшетау тұрғыны бөтен адамның банкоматта қалдырып кеткен ақшасын алып, ізін жасырды деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көкшетаудың полиция басқармасына 39 жастағы тұрғын арызданған. Ол банкомат арқылы 540 мың теңгені аудармақ болғанын, алайда ақшаны ұяшыққа салғаннан кейін алаңғасарлықпен операцияны аяқтауды ұмытып кеткенін айтты. Банкке келген келесі клиент банкоматта қалып қойған ақшаны алып, қауіпсіздік қызметіне хабар берместен, банктен шығып кеткен деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады. Ол Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны. Қазір процессуалды шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр деп мәлімдеді полициядан.

Айта кетейік, елімізде мүлде проблемасы жоқ ауыл бар болып шықты. Ақмола облысында орналасқан бұл елдімекенде мүлде қылмыс жоқ. Тұрғындардың тәртіп бұзуға қолдары тимейді екен. Себебі, барлығы да жұмыспен қамтылған. Ауыл азаматтары үйлерінің есігін құлыптамайды, көліктерін де кілттемеуге үйренген.

Тазалығымен және еңбекқор тұрғындарымен ел аузында жүрген Ақмола облысындағы Родина ауылын жұрт "шағын Германия" деп те атайды.

Жыл басынан бері мұнда ешқандай да заңбұзушылық тіркелмеген. Тоғыз ай бойы бірде бір қылмыс болмаған ауылдың тірлігі қалалықтарға бергісіз. Тасжол, қаздай тізілген біркелкі үйлер, супермаркет, фитнесорталық дейсің бе, жайлы өмір үшін қажеттінің бәрі бар. Сондықтан да тұрғындар қалаға себепсіз ағылмайды. Ең бастысы, ұйқылары тыныш. Ұрлық-қарлық, қылмыс атаулыдан ада.

Көкшетау тұрғыны банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені алып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.