Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі 30-0 қалаған еді": UFC басшысы Хабибтің октагонға оралу мүмкіндігін атады

Опубликовано:

Дана Уайт пен Хабиб Нурмагомедов
Фото: sport24.ru

Америкалық UFC промоушені президенті Дана Уайт Хабиб Нурмагомедовтің октагонға қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sport24 басылымы.

"Мен Хабибпен сөйлестім. Ол соңғы кездесуді жеңгенде эмоцияға қатты ерік берді. Менің ойымша, ол 30- 0 жасау үшін отызыншы кездесу өткізеді. Түбегейлі кетті деп есептемеймін. Оның әкесі 30-0 қалаған еді, Хабиб әкесінің қалауын орындау үшін қайта оралуы мүмкін", - деді Уайт.

Айта кетейік, 24 қазан күні Хабиб Нурмагомедов октагонда америкалық Джастин Гэтжимен кездесті.

Спортсүйер қауымның көптен күткен жекпе-жегі Әбу-Дабидегі "жауынгерлік аралда" Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2-де өтті. UFC промоушенінде бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов бұл кездесуде 29- жеңісіне қол жеткізді.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді.

Осылайша, америкалық Джастин Гэтжи UFC-де үшінші рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 22 мәрте жеңіске жеткен, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Хабиб Нурмагомедов өз белбеуін үшінші рет қорғағаннан кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

"Әкем қайтыс болғаннан кейін өткізіп отырған алғашқы және жалғыз жекпе-жегім. UFC-ден қоңырау шалып, Джастинмен кездесуді ұсынғанда үш күн бойы анаммен сөйлестім. Ол әкемсіз октагонға шыққанымды қаламады. Бірақ, мен соңғы рет жекпе-жекке шығамын деп уәде бердім. Енді сөзімде тұруға тиіспін. Бұл менің соңғы жекпе-жегім", – деді чемпион.

Көп ұзамай ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Хабиб Нурмагамедовтың спорттық мансабын аяқтауы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882329-kesi-30-0-kalagan-edi-ufc-bassysy-habibti-ufc-ge-oralu-mmkindigin-atady/

pixel