jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында 2 қарашадан бастап ұжымдық намаз оқуға рұқсат етілді

Намаз
Көрнекі фото: muslim.kz

Түркістан облысында 2 қарашадан бастап ұжымдық намаз оқыла бастайды. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми Facebook парақшасында хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, таяуда премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын.

Онда мешіт жұмысына қатысты шешім қабылданған еді.

"Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді. Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек.

Сондай-ақ адамдар бетперделік режиммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады", - деп хабардар етті әкімдік.

Сонымен қатар Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлады.

Бұдан өзге, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі тиіс.

Сондай-ақ әкімдік барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілетінін мәлім етті.

Ведомство мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керектігін, сонымен бірге мешіт дәретханалары карантин режимі аяқталғанша жабық тұратынын ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда Болат Назарбаев қорының көмегімен жаңа мешіт бой көтергенін жазған едік.

Түркістан облысында 2 қарашадан бастап ұжымдық намаз оқуға рұқсат етілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.