Елімізде өткен тәулікте тағы 465 адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте 465 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 31 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте 465 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды",– делінген ресми хабарламада.
Аймақ бойынша:
Алматы қаласында - 14756(+24),
Нұр-Сұлтан қаласында -14597(+29),
Атырау облысында - 11299(+5),
Қарағанды облысында - 10574(+16),
Шығыс Қазақстан облысында - 10050 (+252),
Батыс Қазақстан облысында - 7024(+11),
Шымкент қаласында - 5240(+2),
Алматы облысында - 5156(+11),
Солтүстік Қазақстан облысында - 4468(+30),
Павлодар облысында - 4271(+27),
Жамбыл облысында - 4188(+3),
Ақмола облысында - 3750(+27),
Қостанай облысында - 3641(+13),
Маңғыстау облысында - 3403(+5),
Ақтөбе облысында - 3321(+10).
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 112 418-ге жетті.
Еске салсақ, Еуропадағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болғаны туралы жазған болатынбыз.
Оған қоса, кеше, 31 қазан елордаға халықаралық әуе рейстерімен келген 62 жолаушы карантинге жатқызылған еді. Олардың қолында ПТР-анықтама болмаған. Енді бір апта бойы стационарда дәрігерлердің бақылауында болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882483-elimizde-tken-tulikte-tagy-465-adam-koronavirus-zktyrdy/