Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 90 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда өткен тәулікте 90 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте елімізде 90 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 28,

Алматы қаласында - 3,

Атырау облысында - 11,

Шығыс Қазақстан облысында - 3,

Батыс Қазақстан облысында - 6,

Қарағанды облысында - 19,

Павлодар облысында - 17,

Түркістан облысында - 3.

Елімізде барлығы 106 400 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 31 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте 465 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Еске салсақ, Еуропадағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болғаны туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, кеше, 31 қазан елордаға халықаралық әуе рейстерімен келген 62 жолаушы карантинге жатқызылған еді. Олардың қолында ПТР-анықтама болмаған. Енді бір апта бойы стационарда дәрігерлердің бақылауында болады.

Сондай-ақ, астаналық полицейлер карантин талаптарын бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтарды анықтаған еді. Нұр-Сұлтан қаласында 500-ге жуық адам болған түнгі клубтағылар полицияға есік ашпай қойғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882486-elimizde-90-adam-koronavirus-infekciasynan-zazylyp-sykty/

pixel