Шыңжаңда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 64 жаңа жағдайы анықталды
Жарияланған күні:
Өткен тәулікте ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) жаңадан коронавирус жұқтырған 64 адам анықталды. Оның ішінде 3 науқас белсенді және 61-і симптомсыз тасымалдаушы деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау істері жөніндегі жергілікті комитеттің мәліметі бойынша коронавирус жұқтырған 64 адамның ішінде 3 науқас белсенді және 61-і симптомсыз тасымалдаушы.
"31 қазан күні сағат 24.00-дегі жағдай бойынша ШҰАА-да (Шыңжаң өндірістік - құрылыс корпусын, ШӨҚК қоса алғанда) коронавирустың 3 жаңа расталған жағдайы және 61 симптомсыз тасымалдаушы анықталды (барлық жағдайлар Қашғар округінің Шуфу уезіне және ШҰАА-ның Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысына тиесілі)", – делінген ресми хабарламада.
ШҰАА-да коронавирус қайта өрши бастағалы (ШӨҚК қоса алғанда) расталған жағдайлардың жалпы саны 54-ке жетті (оның ішінде 6 адам ауыр халде), ал симптомсыз тасымалдаушылар саны - 219.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қазанда Қашғар округінде (ҚХР ШҰАА) жергілікті тұрғындар арасында 1 симптомсыз тасымалдаушыа анықталғаннан кейін, Шыңжаң әкімшілігі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға шұғыл ден қою режимін енгізді. Төрт күн ішінде Қашғар округінде 4,75 миллионға жуық коронавирус сынағы жасалды.
Елдегі жағдайға келсек, Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 31 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте 465 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 90 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882498-syzada-koronavirus-infekciasyn-zktyrudy-64-zaa-zagdajy-anyktaldy/