Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британдық кәсіпкер Трамптың сайлаудағы жеңісіне 5 миллион доллар бәс тігіп отыр

Опубликовано:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Peter Zay/Anadolu Agency via Getty Images

Британдық кәсіпкер Дональд Трамп АҚШ президенті болып қайта сайланады деп есептейді, тіпті оның жеңісіне 5 миллион доллар бәс тіккен деп хабарлайды The Sun басылымы.

Бұрынғы банкир Трамптың АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісіне жеке букмекерлік кеңселер арқылы 5 миллион доллар (2 177 294 000 теңге) бәс тіккен. Бұл бұрын-соңды жасалмаған ең үлкен саяси бәс деп саналады.

Британдықтың досы оның бәс тікпес бұрын "Трамп лагерінің инсайдерлерімен" кеңескенін айтты. Егер Трамп жеңіске жетсе, бұл чек оған 15 миллион доллар (6 531 882 000 теңге) пайда әкелмек.

Бірақ бұл құмар ойыншы осы сайлаудағы жеңіске ірі көлемде бәс тіккен жалғыз адам емес.

Британдық Betfair Exchange букмекерлік кеңсесінің мәліметінше, Ұлыбританиядағы тағы бір адам Байденнің жеңісіне 1,29 миллион доллар (561 741 852 теңге) тіккен. Егер демократ жеңіске жетсе, британдық 1 986 903 доллар алады (865 214 396 теңге).

Букмекерлік кеңсе биыл өтіп жатқан сайлауға 337 миллион доллар бәс тігілгенін атап өтті. АҚШ-та саяси ставкаларға тыйым салынғанымен, олар шетелде белсенді қолданылады.

Айта кетейік, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық Дональд Трамп пен демократ Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Қорытынды дауыс беру қарсаңында үміткерлер Дональд Трамп пен Джо Байден Twitter парақшаларында айтысып үлгерді. Олар тағы да бір-бірін айыптай бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882829-britandyk-ksipker-trampty-sajlaudagy-zeisine-5-million-dollar-bs-tigip-otyr/

pixel