Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ сайлауы: Байденге жеңіс үшін бір қадам ғана қалды

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Getty Images/ Drew Angerer / Staff

АҚШ-та президент сайлауының жеңімпазын анықтайтын дауыстарды санау үрдісі қызу жүріп жатыр. Джо Байден сайлаушылардың 264 даусын жинай алды деп жазады Fox News.

Басылымның ақпаратынша, демократ Джо Байден республикалық партия өкілі Дональд Трампты америкалықтар мен сайлаушылар коллегиясының дауыс саны бойынша озып келе жатыр.

Байденнің еншісінде сайлаушылардың 264 даусы мен 71,6 млн америкалықтың даусы бар. Трампта болса, 214 сайлаушының және 68,3 млн халықтың даусы бар.

Джо Байден мен Дональд Тамптың дауыс нәтижелері
Fox News басылымының алдын ала нәтижелері: foxnews.com

АҚШ-тағы сайлау үрдісінің ережелеріне сай, президенттікке үміткер жеңіске жету үшін кемінде сайлаушылардың 270 даусын жинау керек.

"Біздің жеңімпаз болып шығатынымызға кәміл сенімдімін. Алайда, бұл тек менің немесе біздің ғана жеңісіміз болмайды. Бұл Америка халқының, біздің демократиямыздың, жалпы еліміздің жеңісі болады" , - деп жазды Джо Байден Twitter парақшасында.

Кейін ол Twitter парақшасында тағы бір жазба қалдырды. Онда Байден америкалықтарды сайлау үрдісіне сенімді жоғалтпауға және бір-біріне сенуге шақырды.

Алайда, дауыс санау әлі де аяқталған жоқ. Сол себептен ақтық нәтижелер де жарияланбай жатыр. АҚШ-тағы бірнеше штатта дауыс санау үрдісі тағы бірнеше күнге созылып кетуі де мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден жеңіске жету үшін қажетті дауыстарды жинай алатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883169-aks-sajlauy-bajdenge-zeis-sin-bir-kadam-gana-kaldy/

pixel