Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұмыс берушілер енді қызметкерлеріне жаттығу жасататын болады

Опубликовано:

Адамдар жаттығу жасап жатыр
Фото: vesti.uz

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі осы жылдың 28 қазан күні шығарған қаулысына сәйкес, дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекітті деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, аталған ережелер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі негізінде қабылданды.

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің жынысына, жасына, еңбек шартына, атқаратын қызметіне байланысты дене жаттығулар кешенін жасап шығарулары тиіс.

Оған қоса, жаттығулар жүргізілетін жер үнемі тазалықта болып, дене шынықтырудың алдында кеңсе желдетілу керек.

Әрбір жаттығу жасаушыға орта есеппен кемінде 1,5 м2 ауданды құрайтын бос орын қамтамасыз етілуі қажет.

Ережеге сәйкес, физикалық жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында жасалып, 10-15 минутқа ғана созылады. Алайда, жаттығулар кешенін үш-төрт апта сайын ауыстырып тұрған жөн. Дене жаттығулары екі-үш минут шынығудан басталып, кейін негізгі гимнастикаға ауысады.

Дене жаттығуларына қатысты қаулының орындалуын аталмыш мәселеге жауапты денсаулық сақтау вице-министрі бақылайтын болатын.

Министрлік шығарған қаулы оның ресми түрде жарияланғанынан кейін он күннен соң іске асады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс негізіндегі қаулы үшінші қараша күні жарыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883189-kazakstandyk-zmys-berusiler-endi-kyzmetkerlerine-zattygu-zasatatyn-bolady/

pixel