RU

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары мұнай қалдығынан уланып жатқандарын айтты

мұнай өндіру
Көрнекі фото: pixabay.com

Қағанды облысы Мұқажан Жұмажанов ауылының тұрғындары елдімекеннен небәрі 500 метр жерге төгілетін мұнай қалдығынан уланып жатқандарын айтып, шағымданды деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бастапқыда халық бұл полигонның салынуына қарсы болған. Алайда онымен ешкім санаспады деп отыр. Тұрғындар балаларының болашағына алаңдайды.

"Ауылға орасан зор зиян келіп тұр. Таңертең тұрғанда демала алмай қаламыз. Ауылдан сәл-ақ жерде тұр. Арнайы өлшедім. Қандай заңға сәйкес жасаған түсіне алмадым", - дейді ауыл тұрғыны Байдулат Нұрғалиев.

Ал бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Мұқажан Жұмажанов ауылының әкімі Думан Бүкірбаевтың айтуынша, шағын кәсіпорын ашылар тұста қаладан экологтар мен СЭС мамандары келіп тексеріс жүргізген. Солардың рұқсатымен ашылған. Барлығы талапқа сай.

Дегенмен ауыл әкімі жағымсыз иіс бар екенін жасырмады. Алайда "мутант балалар туады" туады деген жалған ақпарат екенін айтады.

"Бастапқыда халыққа мұның зияны жоқ екені түсіндірілді. Жаман иісі бар екені рас. Бірақ, мутант балалар туады деген өтірік. Алайда, тағы да хат жазып бұл мәселені шешуге барынша көмектесетін боламыз", - дейді Мұқажан Жұмажанов ауылының әкімі Думан Бүкірбаев.

Ғ.Өтемісов

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрілігі Атырау облысындағы мұнай-кен орындарын алғаш рет электрондық аукционға шығарғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар мұнайдың үстінде отырған Доссор кентінің бүгінгі келбеті туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883323-karagandy-oblysynda-auyl-trgyndary-mnaj-kaldygynan-ulanyp-zatkandaryn-ajtty/