RU

Садыр Жапаров құны 4,6 мың еуро тұратын күрткемен көзге түсті (фото)

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қырғызстан премьер-министрі, президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров қымбат киімді қайдан алғанын түсіндірді. "Регион" телеарнасы саясаткердің 2,5 мың доллар тұратын күртеше мен 4,6 мың еуро тұратын күртке киетінін атап өткен деп хабарлайды AKIpress.

"Бұл киімді маған жақын туыстарым мен достарым құттықтаған кезде сыйлады. Бағасын сұрамайсың ғой. Бүгінге дейін сұраған емеспін. Қалай қабыл алмайсың? Мысалы, досым Камчы күртке алып келді, оның да бағасын сұраған жоқпын. Егер ертең оны да киетін болсам, тағы да әңгімелерге арқау болуы мүмкін", – дейді Жапаров.

Садыр Жапаров
Фото: kg.akipress.org

Киім
Фото: moorer.clothing

Оның айтуынша, кейбір киімдерді басқа азаматтар сыйға тартқан.

"Мәскеуден, Санкт-Петербургтан, Қазаннан келген жерлестер де киім жинап, маған беріп жіберген. Үстімдегі киіп жүргенім осы киімдер. Жұрттың киіп жүргенін киемін. Бірақ бағасын сұрамадым, тіпті қызықтырмайды. Бағасына қарамаймын, ең бастысы жарасса болды. Мен өзім базарға, дүкенге бармаймын, әйелім алып келеді", – деді Садыр Жапаров.

Садыр Жапаров
Фото: instagram.com/sadyr_japarov

Киім
Фото: kiton.com

Еске салсақ, президент міндетін уақытша атқаратын Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров экономикалық рақымшылық жариялаған еді. Оған сәйкес, жемқорлар ақшаны бір ай көлемінде қайтаруы керек.

Сонымен қатар бұған дейін Жогорку кенеш депутаттары 22 қазанда үш оқылым өткізбей-ақ "Қырғызстан президенті мен Жогорку кенеш депутаттарын сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерісті қабылдағаны туралы жазған едік.

Осылайша елдегі парламент сайлау кейінге шегерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883361-sadyr-zaparov-kny-46-my-euro-tratyn-krtkemen-kzge-tsti-foto/