Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Діни басқарма жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

NUR.KZ
Фото: wikipedia

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тұрғындарын үкіметтің мешіттерде жұма намазын оқуды уақытша тоқтату туралы шешіміне мойынсұнуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2 қарашадан бастап барлық мешітте бес уақыт намазды жамағатпен оқуға рұқсат берілген болатын. Алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

"Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады. Өйткені Әбу Ханифа мәзһабында жұма намазы дұрыс болу үшін мемлекет басшысы немесе оның орынбасары рұқсат (изн ғам) беруі шарт", - делінген хабарламада.

Діни басқарма Ханафи мәзһабында: "Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады", – делінген дегенді еске салды.

"Жұма күні бесін намазын мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды", - дейді мүфтиятың баспасөз қызметі.    

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты үкіметтің жұма намазын уақытша тоқтатуға қатысты шешіміне түсіністікпен қарауға және оған сабырлық танытуға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда Болат Назарбаев қорының көмегімен жаңа мешіт бой көтергенін жазған едік.

Сонымен қатар, Алматының "Жас қанат" ықшамауданында "Абдулла" атты жаңа мешіт ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883400-dini-baskarma-zma-namazyna-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel