jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы маңындағы ауылдың оқушылары далада оқуға мәжбүр

Оқушы
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Алматыдан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңадәуір ауылының тұрғындары шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымдануда. Олар балаларының интернет іздеп, далада оқуға мәжбүр болып отырғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар ұзақ жылдар бойы қарапайым жолсыз, жарықсыз және сусыз өмір сүріп келеді. Ал енді мектеп оқушыларының біліміне қатысты мәселе туындап отыр.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, олардың ауылы сыртқы әлеммен байланысы үзілген мекен сияқты - өңірде интернет, тіпті ұялы байланыс жоқ. Мектеп оқушылары далада оқуға мәжбүр, себебі сигналды сонда ғана ұстауға болады.

"Балалар оқи алмайды. Wi-fi жұмыс істемейді. Балалар сыртта бірнеше сағат отыруға мәжбүр. Олар салқын тигізуі мүмкін. Қыста не істемекпіз, мен білмеймін", - дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Одан бөлек, ауыл тұрғындары әлі күнге дейін ауыз судың жоқтығына және жолдардың болмауына шағымданып отыр.

"Суды жерден қазып шығарып отырмыз. Бірақ оныші мүмкін емес, лас. Ішу үшін бірнеше рет қайнатуға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, оны пайдалану қауіпті. Әкімдікке бірнеше рет жүгіндік, еш нәтиже жоқ", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Шенеуніктер болса, мәселелердің кейбірін шешуге уәде берді. Биылғы жылдың соңына дейін олар сумен қамтамасыз ету мәселесімен шешуді жоспарлап отыр. Бірақ электр қуаты, газ, жол проблемалары келесі жылға қалып қоюда.

Еске салсақ, бұған дейін біз еліміздегі жалғыз мұғалімі мен 6 оқушысы бар мектеп туралы жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстан облыстарының бірінде екінші тоқсаннан бастап мектепке баруға рұқсат етілгенін жазған болатынбыз.

Алматы маңындағы ауылдың оқушылары далада оқуға мәжбүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.