Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан облыстарының бірінде екінші тоқсаннан бастап мектепке баруға рұқсат етілді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында мектептер, театрлар мен діни нысандардың жұмысына қойылатын шектеулер жеңілдетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Аймақта екінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде және 15 балаға дейінгі сыныптарда дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, 1-5 сынып оқушылары үшін кезекші сабақтарға қатысу мүмкіндігі туды. Бұған дейін мектептер 5-тен 180 адамға дейінгі құраммен жұмыс істеуге, ал 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, оларға 50%-дық сыйымдылығы бар театрларға баруға рұқсат етілді, бірақ залда 100 адамнан аспауы керек (бұған дейін 50 адамнан аспауы керек еді). Енді ұжымдық ғибадат етуге болады (бұған дейін мүмкін емес еді), оның ішінде жұманы қоспағанда мешітте толымдығы 30%-ға дейін, залдағы адамдар саны 100 адамнан аспауы шарт.

Еске салсақ, Қызылорда облысы Гигант ауылдық округіне қарасты Ақтам елдімекенінде барлық пәннен беретін жалғыз мұғалімі бар мектеп оқушылардың білім ордасына айналған. Шағын ғана мектепте төрт сынып бір кабинетте отырып, білім алады. Ал бастауыш мектепте бар-жоғы алты оқушы бар екен.

Сонымен қатар, Қостанай облысында карантин шаралары қайта күшейтілгені туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883234-kazakstanny-oblystaryny-birinde-ekinsi-toksannan-bastap-mektepke-baruga-rksat-etildi/

pixel