jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қар
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК қызметкерлері ауа райына байланысты 8-9 қараша күндері еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде.

Ал Көкшетау қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп болжанып отыр.

Мамандар Қызылорда облысында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғатынын, оның күші кей аймақтарда 15-20 м/с дейін сақталатынын ескертті.

Ал Қызылорда қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, Актау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні 18 м/с дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағандыда көктайғақ болады деп күтілуде. Шаһарда оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер Жезқазған қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғатынын, оның екпіні 15-20 м/с-қа жететінін хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының көп жерінде жауын-шашын (көбінесе қар) болады деп болжануда. Кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтілуде.

Петропавл қаласында көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Ауа райын болжаушылар оңтүстік-батыстан жел соғатынын, оның күші 15-20, екпіні 25 м/с жететінін жеткізді.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с дейін барады.

Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с жетеді деп күтілуде.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 пайызды құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.