Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин: Алматыда кафенінің қоршауын бұзып қашқан адамдар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Оқиға орнынан кадр/instagram.com/sergek.kaz

Алматыда полиция қызметкерлері карантинге байланысты рейд кезінде дәмхананың қоршауын бұзып, тесіктен қашқан клиенттерді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға "Bla bla bar" кафесінде орын алған. Желіде тараған видео кадрынан ғимаратқа мониторинг тобы кіргенде кафенің қоршауын қирата қашқандардың түсіп қалғанын байқау қиын емес.

Оңтүстік астананың полиция департаменті бұл жағдай Сәтпаев пен Достық көшелерінің қиылысындағы дәмханада болғанын хабардар етті.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері "Bla bla bar" дәмханасын тексеруге барғанда санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтаған.

"Карантин жайлы ешкім ойланбаған. Полиция басқармасының бөлімшесіне 51 адам жеткізілді. Олар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабымен әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, дәмхана басшылығына қатысты да шара қабылданды. Полиция қызметкерлерін көрген кейбір клиенттер қоршауды қирата қашқан",- деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883578-karantin-almatyda-kafenini-korsauyn-bzyp-kaskan-adamdar-videoga-tsip-kaldy/

pixel