Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте 564 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 564 адам тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирус анықталған тұрғындра аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 22

Алматы қаласы - 24

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 44

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 17

Атырау облысы - 7

Шығыс Қазақстан облысы - 245

Жамбыл облысы - 5

Батыс Қазақстан облысы - 26

Қарағанды облысы - 14

Қостанай облысы - 63

Павлодар облысы - 47

Солтүстік Қазақстан облысы - 46

Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 117 336.

Сонымен қатар өткен тәулікте 326 адамның коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 108 169.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, барлық карантиндік шараларға қарамастан COVID-19 оны да айналып өтпеген. Дегенмен мемлекет басшысының сөзінше, оның жағдайы жақсы. Украина президенті өзін-өзі оқшаулап, жұмысын жалғастыра беретінін атап өтті.

Ал ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне тезірек жазылып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасатынын айтып және барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңетіңімізге сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883819-elimizde-tken-tulikte-564-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel