jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Екеуі де ішеді": СҚО-да 5 айлық баласы бар жанұя қараусыз қалған көлікте түнеген

Анасы мен баласы
Фото: Newtimes.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бес айлық нәрестенің қараусыз қалған көлікте қашан түнеп шыққанын айтып берді деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.

11 қараша күні кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия 35 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 29 жастағы азаматқа қатысты ювеналды полицияның жинаған материалдарын қарастырды.

"Бес айлық баласы бар. Екеуі де жұмыс істемейді, ішімдік ішеді. Ер азаматтың туысының үйінде тұрған, кейіннен ішіп, шу шығара берген соң оларды тұрғызудан бас тартқан. Олар бір түнін нәрестемен бірге қараусыз қалған автокөлік салонында өткізген",- деді ведомствода.

Комиссия баланың тағдырына қатысты шешім қабылдады. Нәресте облыстық ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін Сәбилер үйіне жіберілді. Ал баланың ата-анасы ішімдіктен бас тартып, жұмысқа орналасуға, үй мәселесін қарастыруға уәде берді.

"Уәде орындалмаған жағдайда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұқтаж отбасылардың үйін аралау бағытталған",- деді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, Алматыда 3 баласымен жалғыз қалған 1-топ мүгедегі халықтың көмегіне зәру болып отыр. Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагер Айдар Серкебаевтың әйелі былтыр ажал құшып, 3 баламен жалғыз қалған. Аяқ-қолы қимылсыз қалған әкенің күтімі мен үй шаруасы 7, 11 және 13 жастағы балаларының мойнында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.