jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айларында неше күн демалады

Жаңа жыл1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың желтоқсан мен қаңтар айларында неше күн демалатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ел тұрғындары желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерінің барлығын қосқанда 11 күн демалмақ.

  • 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады.
  • 16-17 желтоқсан күндері тұрғындар Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл бұл екі күндік ресми демалысқа тағы екі күн қосылып отыр. Ережеге сай 20 желтоқсан жексенбі 18 желтоқсан жұма күнге ауыстырлады. Осылайша ел тұрғындары 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. Сәйкесінше 20 желтоқсан жұмыс күні болып саналады.
  • 31 желтоқсан ресми емес демалыс күні болып саналады. Жаңа жылдық мерекелер 1 қаңтардан (жұма) басталып 5 қаңтарға дейін жалғасады. Яғни, қазақстандықтар биыл да төрт күн қатарынан демалады.
  • 7 қаңтар - Рождество мерекесіне орай тағы бір күн демалыс беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Сонымен бірге белгілі астролог ел тұрғындарын қараша айында не күтіп тұрғанын болжаған болатын.

Одан бөлек, бұған дейін Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.

Ал "Қазгидромет" синоптиктері 14-16 қараша күндері ауа температурасы біртіндеп суытатынын болжады. Қазақстанның бірқатар өңірінде түнде сынап бағанасы 18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айларында неше күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.