Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегорға ұқсайтын қазақстандық жігіт бүгінде немен айналысуда

Опубликовано:

Бахрам
Бахрам Сапарбай. Кадр: Еуразия бірінші арнасы

Ережесіз жекпе-жек арқылы жаһанға танылған ирландиялық Конор Макгрегорға ұқсайтын жігіт Алматы қаласында тұрады. Желі қолданушылары оның танымал спортшыдан айнымайтынын сөз етіп, суреттерін желіде жариялаған еді. Кейін Бахрам Сапарбайдың жұлдызы жанып, өзі де танымал жанға айналып шыға келген. Бүгінде "қазақстандық Конор" деген атпен ел аузында жүрген алматылықтың қазіргі уақытта немен айналысып жүргені жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Автотұрақта істеген Бахрамның өмірі аз ғана уақыттың ішінде өзгеріп сала берген.

Ол соңғы жылдары өзіне жұрттың ықыласы ерекше ауғанын жеткізді. Көргендердің көбісі өзіммен селфи жасайтынын айтады.

Басында бұған аса мән бермеген Бахрам бертін келе өзіне қазақстандық Конор Макгрегор болған ұнай бастағанын жасырмады.  

Ол халықтың көңілінен шығу үшін киіну стилінде өзгертіп, бірте-бірте әйгілі спортшының қимыл-қозғалысын да сала бастапты. Тіл шығару, аяғымен жерді тарпу сынды әрекеттер, Макгрегор образының шынайы ашылуына мүмкіндік береді, дейді ол.

"Образын қарап, жүрістерін үйрендім. Макгрегорды жүз пайыз білмесем де кішкене кейпін келтіре аламын", - дейді Бахрам.

Осылай біршама тәжірибе жинаған "қазақстандық Конор" бес жыл істеген тұрақтағы жұмысынан қол үзгенін алға тартты. Өйткені, жарнамалар мен роликтерге шақырушылар көбейген. Көшеден көріп, танығандар бірге жұмыс істеуге қолқа салатын көрінеді.

"Қазіргі уақытта жарнама, эфирге шығып, клиптер мен вайндар түсіреміз. Қазір сондай жұмыстармен айналысып жатырмыз", - дейді Бахрам.

Алматылық азаматтың сөзінше, ендігі бір арманы - әйігілі Конор Макгрегордың өзімен кездесу.

"Осыны Құдай қаласа әрі қарай жалғастырамыз деген ой бар. Алда Макгрегорге дейін жетеміз деген де мақсат тұр. Оның алдына Қазақстанның туын апарып, "сен маған ұқсайсың" деп айтатын едім", - дейді күліп "қазақстандық Конор".

Бахрам келешекте ирландиялықпен қалайда жолығатынына сенімді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Макгрегордың жүрісін айнытпай салған қазақстандық балақай желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884814-konor-makgregorga-ksajtyn-kazakstandyk-zigit-bginde-nemen-ajnalysuda/

pixel