jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде қалың малды бөліп төлеу сәнге айналуда

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда қыз жасауын кредитке алатындар көбейген. Мұны бұрымдылардың дүние-мүлкін дайындайтын шеберлер растап отыр. Сонымен қатар соңғы кездері қалың малдың ақшасын бөліп төлеп, амалын табатын жігіттер де шыққан. Бұл бастаманы этнографтар да қолдауда деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Мамандар қыздың жасауын да, қалың малды да несиеге рәсімдеп, бөліп төлейтіндер құда-құдағилардан ұят болмасын деген ниетпен амалсыздан осылай жасауға мәжбүр екенін айтады.

Алайда мұны жұрттың бәрі дерлік құптай бермейді.

"Қазір құрбыларымының басым көбіне қалың малды бөліп төлейді. Негізі өз басым қарсымын", - дейді елорда тұрғыны Әсел Бақтиярқызы.

Ал этнограф Қалжан Қайратұлы болса қазіргі қиын кезеңде әркімнің көрпесіне қарай көсілгенін жөн деп отыр. Ол жігіттер қалың мал төлеуге жағдайы жетпесе, оның басқа жолын табуы керек екенін жеткізді.

"2 миллион деп қоятын болса, қалың мал үшін ажырасып кеткен бар. Қалың малды төлеуге байланысты. Жігітке сол жағдайдан шығудың жолдарын іздеу керек. Мен қыздарыңызды бақытты ете аламын. Кредит алудың да қажеті жоқ. 500 мың берейін одан кейін тағы 500 мың деген сияқты", - деді Қалжан Қайратұлы.

Кәсіпкер Дина Хайса да тұрмысқа шығатын нәзікжандылар жасауды несиеге алатынын атап өтті. Бағасы да карантинге қарай өзгерген емес дейді ол.

"Бөліп төлеуге алады. 50 пайызын төлейді. Қалған сомасын қалтасына қарай 1,2 айға бөліп береді. Бір көрпеше, төр көрпе 10 мыңнан басталады, 20 мыңға дейін бар", - деді кәсіпкер.

Бүгінде қыз жасауы қымбат заттарымен бағалы екендігі белгілі. Мысалы, қазір көрпе-төсектің жанына қымбат техникалар, смартфон, алтын бұйымдар, тіпті су тазалайтын фильтр да қосылған. "Сайып келгенде, халықтың көбісі оны несиеге рәсімдейді" дейді Сұлушаш апай.

"Бірінен бірі асырып жатыр, кредиттерді алып белшесінен қарызға батып жатыр. Бұл өте орынсыз, ысырап болмау үшін, екі жақ келісу керек", - дейді елордалық тұрғын.

Еске сала кетсек, бұған дейін әнші Роза Рымбаева қыздарына қалың мал сұрайтын ата-аналарды сынға алған еді.

Сонымен қатар Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы Досымбек Қатранұлы елімізде ажырасудың көбейіп кеткенін атап өтіп, бұл мәселені шешудің жолын ұсынған болатын.

Елімізде қалың малды бөліп төлеу сәнге айналуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.