Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавируспен ауырғандар ұйқысыздыққа душар болуда

Опубликовано:

Ұйқысыздық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде жарты жыл бұрын вирус жұқтырғандар әлі күнге дейін оның зардабын шегуде. Індеттің ілмегіне іліккендердің 20 пайызы ұзақ уақытқа созылған ұйқысыздықпен күресіп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұны отандық дәрігерлер де растап отыр. Олар күндіз-түні ұйқысы қанбай жүргендердің көбейгенін алға тартуда.

15 жастағы Данель Исмагулова коронавируспен 3 рет ауырып шыққан. Бүгінде оның ұйқысыздықтан арылу үшін бармаған дәрігері, ішпеген дәрісі қалмаған екен.

"Күндіз немен айналысқанымды айтпай-ақ қояйын: физикалық белсенділікті арттырдым, кітап оқыдым. Мәжбүрледім. Дегенмен, не істесем де, менің миым тынықпады. Сағат таңғы төртте, бесте ұйықтап кетемін. Таңертең ұйықтағанымның арқасында сабағым нашарлап кетті. Әлі де дұрыс оқи алмай жүрмін. Шынын айтсам, соңғы уақытта көңіл-күйім мүлде жоқ", - дейді ол.

Бұрын-соңды болмаған мұндай асқынудың түрімен науқас екі айдан аса күресуі мүмкін екен.

"Коронавирустық инфекция адам ағзасын жүйелі түрде зақымдайды. Көбі ойлайтындай, ауру тек өкпені ғана емес, орталық жүйке жүйесіне де қатты әсер етеді. Бұл дегеніңіз ұйқысыздыққа алып келеді. Індет жұқтырып, ұйқысыздық мазалайды деген науқастардың саны көбейді. Олар 1-2 айдың ішінде қалыпқа келеді", - дейді Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігері Алексей Пак.

Осы орайда, ақ халаттылар ұйқысыздықты емдеу үшін алдымен дәрісіз емделудің жолын ұсынады. Мәселен, көңілге жайлы ән тыңдап, жылы ванна қабылдап көру керек. Кофе, шай, газдалған сусын, алкоголь ішпеуге тырысу қажет. Ауыр тамақтан бас тартып, жатар алды таза ауада серуендесеңіз, жақсы ұйықтайсыз. Бастысы, смартфонға үңілуді қойған жөн.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы коронавирус бойынша "сары аймаққа" енгенін жазған едік. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берген.

Одан бөлек, Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы өрескел заң бұзушылықтар туралы айтқанын жазған болатынбыз. Президент медициналық ұйымдардың, дәріханалардың не сатып алғанын, жалпы бірыңғай дистрибьютердің қоймаларындағы дәрі-дәрмек қорын анықтауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884965-elimizde-koronaviruspen-auyrgandar-jkysyzdykka-dusar-boluda/

pixel