Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалың қар жауды: Мыңнан астам адам салдарымен күресуде (фото, видео)

Опубликовано:

Қар
Фото: Алматы әкімдігі

16 қарашада Алматыда түні бойы қар жауды. Шамамен 5 сантиметрлік қалыңдықпен жауған қардың салдарымен күресу үшін Коммуналдық қызметтер көшеге шықты деп хабарлайды оңтүстік астана әкімдігінің Telegram-дағы ресми каналы.

Мамандардың айтуынша, таулы аймақтарда 10 сантиметрге дейін қар түскен. 16 қараша күні кешкі бесте жауа бастаған қар 17 қараша таңғы 04.20 шамасында тоқтады.

Әкімдіктің хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа бастағаннан жолдарға, қиылыстарға, жолайырықтарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 155 құм себу көлігі, 490 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қараша күні 549 техника мен 1298 жұмысшы жол тазалауда.

17 қараша күнгі 06.00-ге дейін 5272 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ "қалташаларын", саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз бүгінгі күнге ауа райын жариялаған болатынбыз. 17 қарашада Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен бұрқасын болып, қар жауады.

Ал алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 26 градусқа дейін аяз болады. 17-19 қараша аралығында елдің оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885005-almatyda-kaly-kar-zaudy-mynan-astam-adam-saldarymen-kresude-foto-video/

pixel