Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында "Үшарал-Достық" тас жолы жабылды

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" тасжолы жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, ағымдағы жылдың 17 қарашасында сағат 12.10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" Республикалық маңызы бар тас жолында (84 шақырымнан 184 шақырымға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылған.

Осы орайда Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қысқы жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді бақылау, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде шықпау;
  • әрбір автокөлікте  міндетті түрде шұғыл жағдайда өмірді құтқаратын заттар-дәнекерлеу шамдары, арқандар, дөңгелектерге арналған шынжырлар, күректер, парафинді шырақтар, сондай-ақ жылы киім, бірінші кезекте қажетті заттар, тамақ және су қоры болуы тиіс;
  • қатты аяз немесе қар жауған кезде бірнеше автокөлікке топтастыру қажет, сонда сынған жағдайда колоннадан басқа жүргізушілер көмекке келе алады;
  • жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақытылы ауыстыру қажет;
  • егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, жолда басқа көліктің жүруін күтіп немесе "101" және "112" нөмірі бойынша ұялы телефон арқылы көмек шақырған дұрыс.

"Қыста жолға шыққанда мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейлі ойлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды!" , - ТЖД өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Одан бөлек, Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885118-almaty-oblysynda-saral-dostyk-tas-zoly-zabyldy/

pixel