Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үстелді жұдырықпен соқты": Талғарда бас дәрігердің әрекетін зерттеп жатыр

Опубликовано:

Нұрлан Күлсейітов
Видеодан кадр: LIFE KZ

Жақында Талғар тұрғындары аудандық аурухананың сенімді басқармаға берілгеніне қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Аталған медициналық мекеменің бас дәрігері Нұрлан Күлсейітов жергілікті халықпен өткен кездесу кезінде қатысушылардың бір сұрағынан кейін үстелді жұдырықпен соғып, әсерлі түрде жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Талғар ауруханасы басшылығы, медициналық мекемені алған компания өкілдері мен тұрғындардың кездесуінде жағымсыз жайт орын алды.

Кездесудің видеосы YouTube желісіндегі LIFE KZ каналында жарияланды.

Қала тұрғыны бас дәрігер Нұрлан Күлсейітовке сұрақ қойды. Ер адам дәрі-дәрмек тапшылығы жайлы тақырыпты қозғап, өз мысалын келтірді.

"2012 жылы менің балам құлап қалғанда біз талғарлық ауруханаға жүгіндік. Ол кезде оған медициналық көмек көрсетілмеді. Сол кезде мен өзім "шу" шығардым" , - деді ол.

Тұрғынның сөзінше, ол баласына өзі дәрілерді сатып алғанын айтып, қажет болса чектерді көрсетуге дайын екенін жеткізді. Азаматтың сөзінше, поликлиникада әлі де қажетті препараттардың жоқ екенін айтуда.

"Олар қайда кетті" , - деді қала тұрғыны.

"Дұрыстап сөйле, сен түрмеде отыратындардың тілінде неге сөйлеп тұрсың? Мен сенің ұлыңа не істеп қойдым? Не істедім?" , - деп айқайлады бас дәрігер.

Медицина қызметкерін сабырға шақыруға тырысты. Алайда, ол ашуға бой алдырып, ұстелді жұдырықпен соғып, артынан кездесуден кетіп қалды.

Орын алған оқиғаға қатысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

Анықталғандай, Талғар тұрғынының мәселесіне қатысты бірнеше мәрте жауап берілген.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Күлсейітовтің этикалық нормалар мен кәсіби әрекетіне қатысты мәселені қарастыратын комиссия құрылған.

Бұл оқиғаға қатысты қолданылған шаралар жөнінде кейінірек хабарланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885160-steldi-zdyrykpen-sokty-talgarda-bas-drigerdi-serli-reketin-zerttep-zatyr/

pixel