RU

Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Фото
Фото: BAQ.KZ

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

"Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ведомство, Серік Сәпиевтің әкесі неден көз жұмғанын хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, Жұманғали Дәуітұлы - құрметті шахтер, еңбек ардагері. Ол ұш ұл өсірген. Біріншісі – Серік, екіншісі Сергей, ал үшіншісіне туған інісі Бақтайдың есімін берген.

Биылғы жылы ақпан айында сол інісі Бақтай Сәпиев те көз жұмған еді.

KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы Сәпиевтер әулетіне қайғыра көңіл айтады.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып 2019 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Кейінірек ол өзіне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885275-serik-spievti-kesi-kajtys-boldy/