Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда коронавирусқа байланысты коменданттық сағат жарияланды

Опубликовано:

Түркия
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда коронавирус індетінің өршуіне байланысты коменданттық сағат жарияланды. Бұл туралы осы ел президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады деп жазады Хабар 24.

Түркия президентінің айтуынша, елде тек таңғы оннан кешкі сағат сегізге дейін үйден шығуға рұқсат.

Сонымен қатар 65 жастан үлкен және 20 жастан кішілерге тысқа шығуына шектеу қойылды.

Қоғамдық орындар, сауда орталықтары, дүкендер, шаштараз бен сұлулық мекендері тек таңғы 10-нан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс.

Мейрамхана мен дәмханалар тек тамақты өзімен алып кету қызметі бойынша ғана жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқушылар мен студенттер жыл соңына дейін қашықтан оқытуға қайта көшеді.

Спорттық бәйгелер жанкүйерсіз өтіп, спорттық кешендердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Кинотеатрлар да жаңа жылға дейін ашылмайтын болды.

Ал қауіпті індеттің ең көп тараған жері Ыстамбұлда мұражайлар мен өнер орталықтары белгісіз мерзімге дейін жұмысын тоқтатқан.

Ресми деректерге сәйкес, соңғы тәулікте Түркияда коронавирус жұқтырған 3316 адам тіркелген. Дегенмен бұл көрсеткіш ауру белгілері бар науқастарды ғана қамтыған.

Ал елдегі пандемияның нақты деңгейі әлі де белгісіз. Айта кетейік, қазірге дейін елде 421 мыңнан астам адам COVID-19 анықталған.

Еске сала кетейік, кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда 5 қарашадан бастап карантин енгізілген болатын.

Сондай-ақ Польшада коронавирусты жұқтырғандардың саны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Оған сәйкес елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылған.

Ал Грекияда 7 қарашадан бастап жалпыұлттық локдаун жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885371-trkiada-koronaviruska-bajlanysty-komendanttyk-sagat-zarialandy/

pixel