Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір облысындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жамбыл облысында шекаралардағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Бұл туралы Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Неили Муликова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Муликованың айтуынша, осы аптаның басында облыс аумағында коронавирус жұқтырудың алты жағдайы тіркелген. Төрт адамнан симптомды ауру анықталса, екі жағдай симптомсыз.

"Жамбыл облысында 2020 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-дың 4272 жағдайы тіркелді, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 369,4 құрады. Ағымдағы аптада 42 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 9 жағдайға өсу байқалды. Күн сайын коронавирустық инфекциясы бар адамдардың сырқаттануына, анықталуына, зертханалық тексерілуіне мониторинг жүргізіледі. КВИ аурушаңдылық Тараз қаласы, Шу, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарында жиі тіркелуде", - дейді спикер.

Құзырлы мекеме өкілі мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне бақылау күшейтілгенін алға тартты.

"Коронавирустық инфекцияның әкеліну жағдайларын болдырмау үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында Қырғызстан Республикасының шекарасында 4 өткізу пункті: Қордай ауданында екеу, Жамбыл және Меркі аудандарында бір-бірден жұмыс істейді. Мемлекеттік шекарадан өтушілер 3 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде өткен ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті",- деді Н.Муликова.

Қазақстанға келген азаматтарда анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізу үшін үш тәулікке дейін карантиндік стационарға жатқызылады.

"6 қазаннан бастап барлық келгендер - 31682 адам, оның ішінде 6574 адам полимеразды тізбекті реакция зертханалық әдісімен зерттеліп, 6 адамда оң нәтиже көрсеткен. 1599 адам 2 тәулікке стационарлық карантинге оқшауланды. Облыс аумағына 572 адам жіберілмеді",- деді спикер.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін жазған едік.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстанда коронавирустың өршуіне не себеп болғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885399-elimizdi-oblystaryny-birindegi-tkizu-punktterinde-bakylau-ksejtildi/

pixel