Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытай кінәлі емес": Өткен жылдың қыркүйегінде италиялықтардан COVID-19 белгілері табылған

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытай COVID-19 пайда болуы мен таралуына кінәлі емеспіз деген мәлімдеме жасады. Өйткені өткен жылдың қыркүйегінде Италияда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардан инфекцияның алғашқы белгілері анықталған деп хабарлайды Daily Mail.

Италия қатерлі ісік институтының хабарлауынша, өткен жылдың қазанында олар дені сау науқастардың қанынан коронавирустың жаңа типіне антидене тапқан. Антидененің болуы пациенттің вирус жұқтырғанын білдіреді.

Егер нәтиже дұрыс болса, онда бұл деректер пандемия тарихын өзгертіп, вирустың шын мәнісінде қайда және қашан пайда болғаны туралы сұрақ туындатады.

"Бұл вирустың қайнар көзін іздестіру - күрделі ғылыми мәселе, оны ғалымдарға қалдыру керек екенін тағы бір рет көрсетіп отыр. Бұл бірнеше елдер қатыса алатын дамып келе жатқан процесс", - дейді Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь.

Қытайда COVID-19 алғаш рет анықталғаннан кейін әлем бойынша ауру жұқтырғандар саны 55 млн 573 мыңнан асып кетті. Сондай-ақ бүгінге дейін 1 336 000 өлім жағдайы тіркелген.

Ал Италияда COVID-19 жұқтырған ең алғашқы науқас 21 ақпанда Милан маңындағы шағын қаладан, Ломбардияның солтүстік ауданынан анықталған еді.

Алайда италиялықтар жасаған зерттеу нәтижесінде яғни 2019 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурызы аралығында онко-сынаққа қатысқан дені сау 959 еріктінің 11,6 пайызынан SARS-CoV-2 коронавирус белгілері табылған.

Сиена университеті "Италияда пандемияға дейінгі кезеңде SARS-CoV-2 антиденелерінің күтпеген жерден анықталуы" атауымен SARS-CoV-2 антиденелеріне тағы бір зерттеу жүргізген.

Зерттеу алты жағдайда антидененің SARS-CoV-2-ні өлтіруге қауқарлы болғанын көрсеткен. Төрт жағдай 2019 жылдың қазанында болған, яғни пациенттер қыркүйекте ауру жұқтырған.

Еске сала кетсек, 17 қарашада коронавирустың таралғанына бір жыл болды.

Ал бүгін, 19 қарашада Қазақстанда 762 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 123097-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885487-kytaj-kinli-emes-tken-zyldy-kyrkjeginde-italialyktardan-covid-19-belgileri-tabylgan/

pixel