Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей полиция басшысы бопсалау жайлы шағым түскен соң қызметінен кетпек

Опубликовано:

ШҚО
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде ШҚО-дағы екі жоғары лауазымды полицейдің үстінен жазылған арыз пайда болды. Арызданушылар Семей полиция басқармасының бастығы Мақсат Зекенов өздерін бопсалады деп айыптады. Бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Даниал Ахметовке тілшілер даулы арызға қатысты сұрақ қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ШҚО әкіміне Семей полиция бастығы мен өңірлік ПД криминалды полиция басқармасы бастығына қатысты Facebook желісінде пайда болған арыз мәселесі қарастырылды ма деген сұрақ қойылды.

Арызда олар қызметке тағайындалған алғашқы күннен бастап "жеке құрамды бопсалаумен" айналысқан деп айыптаған.

"Facebook желісіндегі барлық фактіні сараптаймыз. Алдағы уақытта Семей қаласы полициясы бастығы мен басқарма бастығы қызметтен кетеді. Барлық сұрақтарды осылай қарастырамыз",- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Орталық коммуникация қызметіндегі онлайн брифингте 66 жастағы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтен журналистер санитар дәрігерлердің нұсқаулығын сақтау мәселесін сұрады. Қазақстанда 65 жастан асқандарға коронавирус эпидемиясына байланысты үйден қандай да бір себепсіз шықпауға кеңес берілген еді.

"65 жастан асықан адамдарға үйден себепсіз шығуға болмайды, сіз санитар дәрігер талаптарын қалай сақтап жүрсіз?",- деді Ахметовтен журналистер.

Бұл сұрақты естіген әкім жымия отырып, талаптарды сақтауға тырысатынын айтты.

"Мен сақтауға тырысамын, бірақ кейде кездесуге баруға тура келеді. Кей жағдайлар мәселе туындататын кездер болады. Сол кезде кездесемін. Біз кездесу әлеуметтік ара-қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтауға тырысамыз. Бірақ, мен көп адаммен жүздесемін. Тәжірибе көрсеткендей, дәрігерлер нұсқауындағы алдын алу шараларын сақтаса, мұның барлығын жасауға болады",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885747-semej-policia-bassysy-bopsalau-zajly-sagym-tsken-so-kyzmetinen-ketpek/

pixel